Шу аудандық Төле би мешітінің «Мектепке уағыз-насихат» жоспарына сай аудан имамдары мен ауыл молдалары мектептерде уағыз-насихат жүргізуде.
Атап айтқанда, ауданның найб имамы Т.Сейткереев Бірлік ауылының орта мектебінде оқушыларға «ДАИШ экстремистік тобы» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Сонымен қатар Бөлтірік ауыл молдасы Б.Мұңалбеков, Ә. Молдағулава орта мектебінде «Тазалық – иманның жартысы» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Ақтобе ауылының молдасы Ә.Қоспанов, Қ. Сатбаев орта мектебінде «Діни экстремизм және терроризм» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Кездесу барысында имам-молдалар экстремизнің зияны мен зардаптары жайлы, және оған жол бермеудің жолдары мен қағидаларын айтып, олардың негізгі көздеген мақсаттарын баяндап берді.
Әдеттегідей, жиын соңында уағыз-насихат тақырыбына сай оқушылар сұрақтарын қойып тиісті жауаптарын алды.
Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі