Бұл кездесу жүректі тебірентті...

Бұл кездесу жүректі тебірентті...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Жапек белгілі орын-мекенсіз жандарға (БОМЖ) арналған үйдің тұрғындарымен кездесіп қайтты.

Жиында имам жиналған көпшілікке ислам, иман турасында сүбелі сөз айтып, «Иман... Осы төрт әріптің ішінде қанша мағына жатыр десеңізші! Халқымыз тәрбиелі, көрегенді, инабатты, жүзі жылы адамды иманжүзді екен деп жатады. Сондай-ақ өмірден өтіп кеткен адамға иманды болсын, өліге иман, тіріге береке берсін деген сөздерді жиі естиміз. Олай болса, иман деген не?! Иман тек өлген адамдарға қажет нәрсе ме?! Иманның тірі адамның өміріндегі мәнісі қандай?» деген сұрақтарға толыққанды жауап берді.

Сонымен қатар арақтың адам өміріне әкелетін зияны жайында діни және медециналық тұрғыдан уағыз-насихат айтты.

Кездесуге келгендер сұрақтарын қойып, мардымды жауаптарын алды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: