Аудандық «Қордай» мешітінің ұстазы А.Сатылғанов Қордай ауданы Қаракемер ауылындағы Әбіл Нүсіпбаев атындағы орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесуге жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Жиында «Жастар – діни экстремизм мен терроризмге қарсы» тақырыбы көтерілді. Ұстаз А.Сатылғанов «Ислам діні бейбітшілікті насихаттайды, шынайы мұсылман адам өзгеге тілімен де қолымен де зиян тигізбейтін жан» – дей келе, Ислам діні экстремизм мен терроризмге үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын жеткізе білді. Оқушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, баршасына нақты дәлелдермен түсінік берілді.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі











23 Қаңтар 2026
4 Шаабан 1447

