Қасиетті Құранда «Ағраф» сүресінің 180 аятында Алла Тағала: «Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар» дейді. Пайғамбарымыз Мұхаммедте (с.ғ.с.): «Шын мәнінде Аллада 99 есім бар — бірсіз жүз. Кімде-кім оларды санап шықса жәннәтқа кіреді» деген. Алланың көркем есімдеріне сену мұсылманның жанына және оның Жаратушыға деген ғибадатына үлкен әсер етеді. Аллаға жан-тәнімен құлшылық қылудағы мән-мағынаны табу — бұл әсердің бір нәтижесі болып табылады.
Осыған орай, «Һибатулла Тарази» мешіті «Қыздар сауат ашу курсының» ұстаздары алдында хабарлағандай «Алланың 99 есіміннен» сайыс жүргізілген болатын. Аталмыш жарыс өз мәресіне жетіп, «Ең көркем есімдер Аллаға тән» атты рухани кеште қорытындысы жарияланды.
Сайыс нәтижесі бойынша 1 орынды Тәжиева Айдана жеңіп алса, 2 орынды Дәренбекова Алмагүл қанжығасына байлады. Ал 3 орын Айдарова Зораға бұйырды. Үш орыннан кәделі болған қыздарға ақшалай сыйақылар табысталды.
Көпшілік сайыста үздік шыққандаға хадиске амал етіп, жәннаттық болуды нәсіп қылсын деген тілектерін білдірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі