Қыздар сауат ашу курсында 10 түрлі ұлт өкілдері ілім алады.

Қыздар сауат ашу курсында 10 түрлі ұлт өкілдері ілім алады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала «Хужурат» сүресінің 13 аяттында: «Ей адам баласы! Шүбәсіз, сендерді бір ер, бір әйелден (Адам мен Хауадан) жараттық. Сондай-ақ, бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында, Алланың қасында ең ардақтыларың – тақуаларың. Шәксіз, Алла толық білуші, әрі сендерден хабар алушы» – дейді. Ұлт болуымыздың өзі – құдіреті күшті бір Алланың хикметі.

Адамзаттың Алла Тағаланың алдындағы ең қадірлі тобы болып саналатын мұсылман үмбетінің өзі неше түрлі ұлт-ұлыстардан құралған. Пайғамбар (с.а.с.) арабтан болып, Құран арабша түсті дегенмен мұсылмандардың барлығы арабтар емес. Керісінше, қазірде арабтар мұсылмандардың азғантай бөлігі болып саналады. Әлемде екі миллиардқа жуық мұсылман бар десек, соның үш жүз миллиондайы ғана арабтар.

 «Һибатулла Тарази» мешітінің «Қыздар сауат ашу курсында» 160-тан астам әйелдер қауымы ілім алуда. Оның ішінде мектеп оқушылары, жастар, аналар мен ақ жаулықты әжелер де баршылық. Бір қызығы бұл курста 10-нан аса ұлт өкілдері бір шаңырақ астында білім алады екен. Атап айтсақ, қазақ, қырғыз, өзбек, түрік, тәжік, орыс, дунган, күрт, татар, шешен ұлттары бар. Барша ұлтты бір шаңырақ астына жинаған – Ислам.

Мұсылман халықтарының әрбірінің тұрған жеріне, аймағына қарай өзіне тән нәсілдік, тілдік, ұлттық ерекшеліктері бар. Бірақ барлығының діні, танымдық тұғыры бір болғандықтан салт-дәстүрлері, мәдениеті ұқсас болып келеді. Өйткені, бәрінің наным-танымы Құран мен хадиске негізделген.

Осы ұлттардың басын қосқан ілім ордасында «Ең көркем есімдер Аллаға тән» атты рухани сазды кеш өтті. Аталмыш шарада әр ұлт өзінің ұлттық киімін киіп, өз халқын, оның исламды қабылдау тарихын баян етті. Сондай-ақ, ақ дастархан жайылып, шәкірттер Алланың көркем есімін зікір етсе, ұстаздар Алланың көркем сипаттары, қасиетті 3 ай туралы уағыз-насихат жүргізді. Арнайы бағдарлама жоспарына сай қызықты ойындар ойнатылып, діни өлеңдер оқылды.

Сондай-ақ, «Ең көркем есімдер Аллаға тән» атты сайыс қорытындысы шығып, жеңімпаздар марапатталды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: