Мешіт жамағаты мазарға тазалық жүргізді

Мешіт жамағаты мазарға тазалық жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тазалықты таразылайтын көктем мезгілі де келіп жетті. Қыстай қар басқан көшелердің жай-күйі де осы мезгілде айна қатесіз көрініп тұратыны белгілі. Қазақ «Өлі риза болмай, тірі байымайды» - дейді.

Тазалықтың – иманның жартысы екендігін ұғынған ата-бабаларымыз қабірдің айналасын таза ұстау мұсылмандығымыздың бір белгісі дейтіні де сондықтан.

Шу қалалық "Айтқұл баба" мешітінің бас имамы Шаттық Қамаубаевтың ұйытқы болуымен мешіт жамағаты бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бірлесе мазарларға тазалық жұмысын жүргізді.

Мазар айналасын қоқыстан тазартып, ретке келтірген жамағат бұл іс арқылы сыйластығы мен ынтымағын танытты.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: