Оқушылар имаммен сұхпаттасты

Оқушылар имаммен сұхпаттасты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу  аудандық Төле би мешітінің найб имамы Талғат Сейткереев Шу ауданы Амангелді ауылындағы Амангелді қазақ орта мектебінде оқушыларға «Мұсылманның тұлғалық сипаты» және «Ата-ананы құрметтеу» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Кездесу барысында оқушыларға имандылық, әділдік, отанды сүю және сабырлылық туралы кеңінен уағыз-насихат жүргізілді. Сонымен қатар, найб имам жасөспірімдерге қиын сәттерде, дағдарыс жағдайында сабыр сақтап, жат әрекеттерге бармау, иманды, кішіпейілі болу керектігін айтты.

Оқушылар кездесу барысында діни сұрақтарын қойып, өздерін толғандырып жүрген сауалдарға жауаптарын алды.

Шу Төлеби мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: