Жат ағым - жаттығын танытады.

Жат ағым - жаттығын танытады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

    Т.Рысқұлов аудандық ішкі саясат мекемесімен бірігіп, «Жат ағымдардың зияны» атты  кездесу өтті. Кездеуге Т.Рысқұлов аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Н.Жамалбеков,  Т.Рысқұлов  аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы С Джадраев және т.б. мамандар қатысты.

    Қазіргі таңдағы өзекті деген үлкен мәселелердің бірі — жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен түрлі діни ағымдар десек артық айтқандық емес. Кереғар діни ағымдар қоғамға, айналаға, соның ішінде жастарымызға ерекше әсер етіп, ұдайы адастырумен келеді. Кездесу барысында білікті мамандар кереғар ағымдардың жетегінде жүрген азаматтардың дәстүрлі діндерге бейімдеу тәсілдері мен бағыттары барысында сөз қозғады. Яғни жоғарыда аталған жат ағымдардан жастар бойын қалай аулақ ұстау қажеттігі түсіндірілді.
Бас имам Джадраев Сұлтаншәріп қажы «Деструктивті ағымдардың жетегінде кеткен көпшілік азаматтар мен азаматшалардың діни сауаттылық деңгейі төмендігі, білімсіздіктің салдарынан сол жалған діни ағымдардың көзқарастарын көзсіз қабылдап бағыттарынан дұрыс санайтындығын ескере келе ондай азаматтармен психологиялық, теологиялық, құқықтық сауаттылық тұрғыдан сұхбаттасу қажет» — деп айтып өтті.

Әбілда МЕЙІРХАНОВ

Т.Рысқұлов ауданы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: