Байзақ имамдары мыңнан жүйрік атанды

Байзақ имамдары мыңнан жүйрік атанды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Шынықсаң шымыр боласың» дейді дана қазақ. Осы орайда, ынтымақтастықты ұйытып, бірлікпен білек ұстасқан дін өкілдері жыл сайын спорттық іс-шараларды көптеп өткізіп келеді. Соның тағы бір көрінісі Байзақ айданының ұйымдастыруымен кіші футболдан өткен спорттық дода.

Сайысқа 8 ойын командасы қатысты. Атап айтсақ, «Байзақ аудандық имамдар» құрамасы, «Байзақ жамағаты», «Жамбыл аудандық имамдар» құрамасы мен «Жамбыл жамағаты», «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірттері құрамасы, Қала және аудан имадары, «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстаздары, «Һибатулла Тарази» мешітінің имамдары құрамасы спорттық сында күш сынасты.

Ақтық мәреге жетіп, балуан атанғандардың ішінде 1 орынды «Байзақ аудандық имамдар» құрамасы қанжығасына байласа, 2 орын – «Байзақ жамағаты», 3 орын – «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірттері құрамасы, 4 орын – «Жамбыл аудандық имамдар» құрамасына бұйырды.

Жеңімпаздар құрмет грамотасымен, үш орынды иеленген топтар кубок  және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Барлық жеңімпаз топтарға былғары доп және 1 орынға 10 000тг, 2 орын – 7 000тг, 3 орын – 4 000тг, 4 орын – 2 000тг сыйақы берілді.

Сондай-ақ, «Үздік футболшы» атанған мықтыларға спорттық киім сыйға тартылды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: