Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Тараз химия-технологиялық» колледжінде студенттер арасында өз-өзіне қол салу фактілерінің себептерін анықтау және оның алдын алу мақсатында «Жарқын өмір – өз қолыңда» тақырыбына семинар-тренинг өткізілді.
Семинар барысында ресурстық орталықтың кеңесші мамандары жастар арасындағы суицид, оның себептері мен алдын алу шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, облыстық жасөспірімдер үйінің педагог-психологы Құрманай Оразова суицидке апаратын белгілер мен депрессиялық жағдайға ұшырамау бағыты бойынша ақпарат беріп өтті.
Сондай-ақ, семинар барысында орталық «Һибатулла-Тарази» мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев мұсылман дінінде өз өміріне қол салу мәселесінің салдары мен зардаптары жөнінде өз ойын ортаға салып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берді.
hibatulla.kz








23 Қаңтар 2026
4 Шаабан 1447

