Жат ағым – жат дүние

Жат ағым – жат дүние

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

    Діни экстремизмнің алдын алу мақсатында Шу ауданы Төле би ауылында М.Мақатаев атындағы қазақ орта мектебінде 9-10 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Шу аудандық «Төле би» мешітінің бас имамы Қ. Мусаев,  аудандық ішкі саясат бөлімінің  мамандары дінтану пәнінің мұғалімдері қатысты.

Оқушылармен кездесу барысында ауданның бас имамы Қуандық Берікұлы отбасы жайлы уағыз-насихат жүргізді. Сонымен қатар уағыз барысында Ислам дінінің ұстанымы бейбітшілікті, от басындағы ынтымақ-бірлікті, тіпті тілімен біреуге зиян тигізуге болмайтындығын қамтитындығын айтып, басқа да мәселелер жайында сөз қозғады.

Кездесу соңында оқушылар тарапынан әртүрлі сұрақтар қойылып, оған толымды жауаптарын алып жатты.

Шу аудандық Төлеби мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: