Білімді жамағат – сауатты қоғам.

Білімді жамағат – сауатты қоғам.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі қоғамда түрлі жат ағымдар етек жайып, елдің үрейін тудыруда. Осы орайда, түрлі түсінбеушіліктер орнап, жастар ағымдардың жетегінде кетіп жатыр. Мұндай мәселеде қоғамның сауатын арттыру ең өзектісі болмақ.

Белгілі ғалым имам Ғазали: «Пайдалы біліммен шұғылдану бүкіл басқа істерге қарағанда әлдеқайда жақсы. Пайдалы білім – дүниенің жамандығын, ақыреттегі жағдайдың қауіптілігі мен қорқыныштылығын түсіндіретін білім. Дүниеге беріліп, ақыреттен бет бұрған адамдардың надандығы мен ақымақтығын, олардың бойындағы өркөкіректік, күншілдік, екіжүзділік, өзін өзі сүюшілік, атаққұмарлық пен мансапқұмарлық, дүниеге құштарлық сияқты жүрек дерттерінің дауасы не екендігін білдіретін білім – пайдалы білім,» – деген екен.

Қоғамдағы сауатсыздықтың алдын алу мақсатында «Һибатулла Тарази» мешіті төл ханафи мазһабымыздың жанашырлары болған жамағатқа арналған 1 айлық оқу курсының екінші маусымын бастады. Алланың діні үшін мазһабымыз бойынша ілім алуға барлығы 40 адам келіп отыр. Бұл көрсеткіш күн санап артуда. Оқу курсы 4 сәуір мен 2 мамыр аралығында өтпек.

Ілім курсында Нұралы Бақытұлы, Исатай Оразов, Асхат Акмамбетов, Ғалымбек Жапек, Амангелды Ембергенов, Ержан Зайтинов сынды ұстаздар мен имамдар ақида, мазхабтар тарихы, Құран Кәрім, фиқһ, хадис ілімі, тәпсір, ханафи мазхабының дәлелдері пәндері бойынша дәріс береді.

Сабаққа жиналған жамағатқа ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаев ілім алудың маңызы жайында сүбелі сөздер айтып, сәттілік тіледі.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: