Аудандық Төле би мешітінде сенбілік өтті

Аудандық Төле би мешітінде сенбілік өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық орталық Төле би мешітінің бас имамы Қуандық Берікұлының бастамасымен мешіт қызметкерлері және жамағаты біріге отырып сенбілік жұмыстарын атқарды. Орталық мешіттің ауласын тазалап, ағаштардың түбін қопсытып, әктеу жұмыстарын жасады.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) адамдар жүретін жолдың үстіне, тынығатын көлеңкелерде, әсіресе, жемісті ағаштардың маңайларын ерекше таза ұстауға шақырып, сахабаларға: «Екі түрлі қарғыс арқалаудан сақ болыңдар!» дегенде, олар: «Иә, Алланың елшісі! Екі қарғыс алушы дегеніңіз кімдер?» - деп сұрайды. Ол: «Адамдар жүретін жолға немесе тынығатын көлеңкеге дәрет сындырушы, ластаушы, бүлдірушілер» – деу арқылы қоғамдық орындарды таза ұстауға шақырған.

Осындай сенбілік жұмыстары ауданға қарасты мешіттерде жалғасын табуда.

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: