Халыққа қызмет орталығындағы игі жиын өтті

Халыққа қызмет орталығындағы игі жиын өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін  аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында найб имам Д.Жандосұлы кездесу өткізді. Жиын барысында дін саласындағы өзекті мәселелер қозғалып, оларды еңсеру жолдары талқыланды. Аталмыш шарада мемлекеттік қызметкерлерге  ислам діні – бейбітшілік пен келісімді, бірлік пен ынтымақты насихаттайтын пәк дін екенін атап өтіп, Ислам дінінің ерекшеліктері мен негіздері, тарихы мен мәдениеті жайында толыққанды баяндалып, өзекті мәселелер жан-жақты насихатталды.

Шара азаматтар арасында отансүйгіштікке, имандылыққа, ұлтжандылыққа, елімізде тұратын халықтардың озық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын ескере отырып, исламның шынайы игілікті рухани байлықтарын насихаттау мақсатында өтіп отыр.

Жиын барысында ислам дініне кереғар жат пиғылды діни ағымдардың ел  санасын улайтын зиянды насихаттары мен әрекеттері кеңінен сөз болды. Жиын кезінде дін қызметкері қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға шариғат аясында толыққанды жауап берді. Кездесу барысында «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» сынды маңызды құжаттар туралы ақпараттар берілді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: