Атаңнан мал қалғанша тал қалсын

Атаңнан мал қалғанша тал қалсын

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Бұлақ көзін ашып, көзіңді қалдыр, жақсылық мұра шашып, ізіңді қалдыр, бау-бақша өсіріп, өзіңді қалдыр, жаса нұр,» – деген бабадан қалған өсиет бекер айтылмаған. Адамзат өмірінде қай заманда, қай қоғамда болмасын озық ойлы, өз заманы мен өз замандастарынан оқ бойы алда жүретін көшбасшылар жасыл желекке, ағаш егуге, атын қалдыруға ерекше мән берген. Дәстүрлі дінімізде үш түрлі әрекетті теңдесі жоқ сауап деп білген. Ол шөлге құдық қазу, өзенге көпір салу, жерге ағаш егу.

Осы дәстүрді жалғастырған «Айтқұл баба» мешіті тал отырғызу айлығын бастап кетті. Күлімдеген көктемнің шуақты күндерінде мешіт ауласына тал отырғызып, көгалдандыру жұмыстары жасалды.

«Талдың рухани пайдасы зор. Біріншіден оны еккен адам баласына үлкен сауап болса, екіншіден таза ауа, және желді аймақтарға әкелер пайдасы мол,» – дейді осы мешіттің бас имамы Шаттық Қамаубаев.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: