Қызым – қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым

Қызым – қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Баланы жастайынан имани тәрбиемен сусындатқан қазақ халқы бүгінде бұл тәрбие атаулыға аса назар аударады.

Алайда заман мен уақыт алмасқан сайын қоғамда түрлі оқиғалар орын алуда. Жастардың ұят тірлікке баруы, діни ағымдарға қосылуы жұртты елең еткізбей қоймайды. Көптің көкейіне сан сұрақ ұялап, жауапсыз қалып жатады. Осыған орай, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Өнер» факультетінің ұйымдастыруымен «Асыл сөздер және иман әлемі» атты кездесу өтті. Кездесуге «Һибатулла Тарази» мешітінің қыздар сауат ашу курсының ұстазы Зейнеп Үсенова, жеке психолог Ләззат Мырзашева және «Һибатулла Тарази» мешітінің тілшісі Ақерке Бекқұлова қатысты. Институттың ұстаздар қауымы мен студенттері қыз және ер бала тәрбиесіне байланысты түрлі сауалдарын қойып, мардымды жауаптар алды.

Кездесу қонақтары «Қызды ана тәрбиелейді, ұлды дана тәрбиелейді» демекші қыздың қоғамдағы орны мен тәрбиесіне терең тоқталып өтті. Дін, діни экстремизм, ұлттық тәрбие, ата дініміз, шариғат шәлісі, қыз бала мен ұл бала тәрбиесі, діни сауаттылық турасында сүбелі сөздер айтылды. Оқытушылар өз алғыстарын айтып, өнерлі студенттер Алла мен пайғамдарымызды (с.ғ.с.) мадақтап термелер тартты.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: