Ислам дінінің адамзат дамуындағы жасампаздық рөлі орасан зор. Өйткені, күллі адам баласын азып-тозудан, адами қасиеттен айырылуынан құтқарып қалған соңғы кәміл дін ислам діні екені даусыз.
«Дәстүрлі дініміз – Ислам» турасында Тараз гарнизонының әскери полиция қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Аталмыш кездесуге «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев және Дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы Сержан Култаев қатысты.
Жиында әскерилерді мазалаған түрлі сауалдар өз жауабын тапты десек, артық айтқандық емес.
«Сан ғасырлардан бері кең байтақ даламызды ата-бабаларымыз көзінің қарашығындай сақтап, бір Құдайға сыйынып, дінім Ислам, кітабым Құран деп, дін істерінде жетекші Имам Ағзам көрсеткен бағытты ұстанып, қарапайым да тыныш, ынтымақ пен бірлікте өмір сүргеніне тарих куә. Ал, бүгінгі таңда түрлі жат ағымдар белең алып барады. Олардан сақтану жолы, діни сауаттыдықты арттыру және ынтымақта болу,» – дейді найб имам.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.