Қайырымдылық – адамгершілік негізі. Қасиетті Құран Кәрімнің 190 аятында «хайр» жөнінде айтылады. Мәселен, «Бақара» сүресінің 148 аятында «Жақсылық істеуде жарысыңдар» десе, «Жақсылық істеңдер. Мүмкін соның есебінен тозақ азабынан құтыларсыңдар» дейді «Хаж» сүресінің 77 аятында.
Бүгін күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні ел қамын ойлаған арда азаматтар «Һибатулла Тарази» мешітінде төрт түліктен түйе сойды. Аталмыш малдың еті мұқтаж жандарға үлестірілмек.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – дегенін ұран қып, бес күндік фәни дүниеде қайырлы іс жасап, көп балалы отбасына, әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға, қарттарға аса көңіл бөлу баршамызға борыш.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.