Дәстүрлі Ислам қандай дін?

Дәстүрлі Ислам қандай дін?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылыдағы   Құлан ауыл шаруашылық колледжінің студентерімен   Аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев кездесу өткізді. Жиын аталмыш тақырыпта жүргізіліп, шынайы Ислам мен Исламның атын жамылушылардың арасын ажырата білу, студентердің келешегі үшін маңызды. Бүгінгі оқушы, ертеңгі тәрбиеші, мұғалім, әскер, әкім, елбасы, тағы да басқа ел тізгінін ұстайтын сүйенішіміз болмақ. Ата бабамыз ұстанған бұл дінді, қазіргі таңда мейірімсіз, тәкәппар, өзімшіл, соғысқұмар, билікқұмар, қаныпезерлердің діні секілді көрсетушілер бар. Шынында Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарымыздан бізге жеткен Ислам қандай дін еді?

«Ислам сөзінің өзі «бейбітшілік» мағынасын береді. Яғни қантөгісті тоқтататын, әділдік орнататын, ұлтына, нәсіліне, жеріне, байлығына, беделіне қарамастан барлық адамдардың ақысы мен намысына құрмет көрсетудің ең жоғарғы үлгісін үйрететін дін – Ислам діні. Қазіргі таңда осы тәрбиені бойына сіңіріп үлгерместен, өзін және өзі секілді ойлайтындарды ғана мұсылман санап, қалғандарын кәпір деп түсініп жүрген жастар көп. Олардың кейбіреуі ата-анасын тастап, бөлек өмір сүруді таңдаса, екінші бірі ата-анасының пісірген тамағын арам деп дөрекілік жасап жүр. Біліп қойыңыздар! Ата-ананы құрметтеуді, оны ренжітпеуді Алланың өзі бұйырды. Құранда «Исра» сүресінде: «Екеуінің бірі немесе екеуі де қолыңда қартайса, оларға «Уф» деп те айтпа, әрі зекіме де. Керісінше сыпайы сөйлес». Құранның осы әмірін жақсы білген ата-бабамыз балаға әдетте «уф» деп айтқызбайтын болған және бұл тәртіп бүгінге дейін әрбір қазақтың отбасында сақталып келеді.

Бүгін туған анасын ретжіткен адам, ертең Отан анамызға опасыздық жасамақ. Осы дініміздің қадірін біліп, Құран мен пайғамбарды тану, бұл өзге секталардың арбауынан сақтанудың бірден-бір жолы. Себебі, жарық жерде қараңғылыққа орын болмағаны секілді, білім жайылған жерден надандық қашады.

Дін мәселесінде мешіттерден сабақ үйреніп, ҚМДБ-ның тағайындаған имамдарымен кеңесіп, бірлігімізді сақтайық,»  – дейді имам.

Тағылымдық мәні зор кездесуден оқушылар да ұстаздар да рухани азық алып, ерекше әсермен қайтты.

Әбілда МЕЙІРХАНОВ

Т.Рысқұлов ауданы 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: