Белсенді жастар бейқам күн кешпейді

Белсенді жастар бейқам күн кешпейді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешітінің ұйымдастыруымен Астана қаласынан арнайы келген ҚМДБ «Жалпы және Жастар ісінің» меңгеруші Алтынбек Ұтысханұлының қатысуымен «Ислам және зайырлы қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталмыш іс-шараға  ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаев, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Құралбаев және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Атап айтар болсақ, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Уалихан Болатбек, ҚМДБ-ның Жастар ісі бойынша Жамбыл облысындағы өкілі Ержан Аманбаев, ҚМДБ-ның Жастар ісі бойынша Тараз қаласындағы өкілі Бахтияр Амиреев, «Ақ-Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абзал Есенұлы, «Жастар ресурстық орталығы», КММ-нің жастар ұйымымен жұмыс және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Жанболат Нұрмолдаұлы, «Панорама» ақпараттық орталығының директоры Бауыржан Мөрбеков, Жеке психолог Ләззат Мырзашева, «Тараз-Достар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Исланбек Дастан, ТарМУ студенттік кәсіподақ ұйымының төрағасы Файзулла Нағашбайұлы, Дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы Сержан Култаев, Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешіті жанынан ашылған «Қыздар сауат ашу курсының» ұстазы Зейнеп Үсенова, Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы «Ақпарат және талдау орталығы» КММ басшысы Айбек Ажиев, «Данияр и КЖК» директоры Данияр Өмірбеков, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Талғат Шайхиев, Жамбыл облысы «Еріктілер қозғалысы» қоғамдық қорының президенті Серікбол Берікқожа, Тараз қалалық «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының басшысы Абылайхан Кәріпбаев, сондай-ақ, «Ақ жол», «Арай», «Жамбыл-Тараз» сынды басқа да газеттердің тілшілері бас қосты.

Жиында Данияр қажы Жұмабаев соңғы уақытта жасалып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, «Зайырлылық пен Ислам» турасында сөз сөйледі. Астанадан ат терлетіп келген қонағымыз Алтынбек Ұтысханұлы жиналған қауымға Жастар ісі бөлімінің мақсатын түсіндіріп, шет елдерде діни білім алып жатқан жастардың мәселелерін көтеріп, жастармен жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар Құран мен Конститутцияның ұштасып жатқандығына шариғаттан және заңнан дәлелдер келтірді.

Қоғамның белсенді мүшелері жиналған кездесуде: «Дін істері басқармасымен, «Һибатулла Тарази» мешітімен бірлесіп оқу орындарында көптеген кездесулер ұйымдастырып келеміз. Дін мен дәстүр сабақтастығы бүгінгі күннің басты мәселесі. Бүгінде жастар рухани азыққа зәру. Мектепке кей ұстаздар кіре алмай жатқан жағдайы да бар. Дінтану пәнінен тарихшы, философ мұғалімдер сабақ береді, ал олар балаларға не үйретіп жатыр екен? Осының барлығы алаңдатарлық... Өйткені, «вконтакте» және «фейсбук» желісінде сараптамаға сәйкес дін тақырыбында сұрақ қоятындардың көбісі 14-15 жас аралығындағы мектеп оқушылары. Осы орайда, әдістемелік көмек жағын қарастырсақ,» – дейді Еркебұлан  Құралбаев.

Қоғамдағы жастар мәселесін көтерген бұл жиын әрбір белсендінің көкірегіндегі сауалын ортаға салды. Дөңгелек үстелге қатысқан ұйымдар алдағы уақытта бірлесе қызмет қылуға ниетті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: