Кәделі болған қос кездесу

Кәделі болған қос кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бекіткен  төрт жұмыс бағытының бірі болған уағыз-насихат жұмыстары бойынша Қордай ауданының дін қызметкерлері белсенді түрде жұмыс атқаруда. Аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы, дінтану магистрі Дәуренбек Жандосұлы аудандық статистика және аудандық мұрағат бөлім ұжымдарымен дін тақырыбындағы кезекті кездесу өткізді.

Қос мекемеде еліміздегі діни ахуалы сөз етіліп, дәстүрімізбен жараса түскен дініміздің  негізгі құндылықтарын паш еткен Д.Жандосұлы, әңгімені өрбіте келе  асыл дініміздің атын жамылып, өздерінің келеңсіз істерін атқарып жүрген ағымдар жайлы ақпарат берді.

Жалпы айтқанда мемлекеттік қызметкерлерге еліміздегі діни ағымдардың ақ-қарасын ажыратып, ара-жігін айқындап беретін кездесу болды. Кездесудің негізгі мақсаты, еліміздегі басты құндылық ұлтаралық және дінаралық татулықты дәріптеу.

Сондай-ақ, халықтың діни сауатын арттыру; ел арасында деструктивті, жат ағымдардың таралуының алдын алып, ақпараттандыру; отансүйгіштікті, толеранттылықты, төзімділік пен байсалдылықты насихаттау. Кездесу барысында ұжымдарға Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы таныстырылып, маңызды құжат бойынша түсініктемелер берілді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: