Имамдар сынақтан өтті.

Имамдар сынақтан өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгінде жаңа технологиялардың қарыштап, дамыған заманында білімді маман өте қажет. Аллаға шүкір, ұлтымыз иманға бет бұрып, халқымыздың діни сауаты артып келеді. Сондықтан да мемлекетімізге сауатты, еңбекқор, қабілеті жоғары, кез келген діни мәселені байыппен, байсалдылықпен шешуге тырысатын білімі мен біліктілігі толысқан имам-молдалар қажет. Діни һәм ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, өркениет көшінен кенже қалуға болмайды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Бас мүфтидің бастамасымен қазіргі таңда түрлі бағытта жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Осы айда Қазақстанның барлық аймақтарындағы имам-молдалар сынақтан өткізілуде.

Бүгін Жамбыл облысының имамдары мен молдаларына арналған сынақ өз мәресене жетті. Аталмыш сынақ 7-24 наурыз аралығында өткізілді. Сынақты ҚМДБ «Жастар ісі» бөлімінің меңгерушісі, Уағыз-насихат бөлімінің бас маманы Алтынбек Ұтысханұлы мен ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаев қабылдады. Дін өкілдері ҚМДБ тарапынан қабылданған 4 құжаттан, яғни, «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» және «Дін мен дәстүр» бағыттары сондай-ақ, діни пәндер бойынша сынақтан өтті.

Жамбыл облысында жалпы 284 мешіт бар.  Тараз қаласы бойынша 29 мешіт, Байзақ ауданы бойынша 25 мешіт, Жуалы ауданы – 28, Жамбыл ауданы – 28, Қордай ауданы – 52, Меркі ауданы – 23, Мойынқұм ауданы – 12, Сарысу – 13, Т.Рысқұлов – 31, Талас ауданы бойнша 19, Шу ауданы бойынша 23 мешіттің имамдары сынақ тапсырды.

Сынақ қорытындысы бойынша, жалпы 283 адам қатысып, 94 имам «өте жақсы», 92 имам «жақсы», 85 имам «қанағаттанарлық» деген баға алса, 12 имам қайта сынақтан өткізілуге жіберілді.

Бұл жыл сайынғы сынақтан өту дін мамандарының ілімін арттырып, біліктілігін күшейтіп, білімді толықтырып отыруға жол ашпақ.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: