Әз Наурызда Құран сайысы өтті.

Әз Наурызда Құран сайысы өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

     Сарысу ауданы Саудакент ауылында Әз Наурыздың шуақты күндерінде Құран оқудан аудандық жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа аудан көлеміндегі ауылдардан отызға тарта шәкірттер қатысып, өздерінің аз уақытта қандай жетістіктерге жеткенін көрсете білді. Үш жасар баладан, он жеті жасқа дейінгі жеткіншектер арасында өткен бұл іс-шара ауданымыздағы жастар арасында ата – бабаларымыздан мирас болып келе жатқан тура жол – Ислам дініне және діни білімге деген қызығушылықтың жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Атап өтерлік тағы бір жақсы жаңалық, биылғы жылдан бастап Нұр – Мүбәрак университетінің түлектері Саудакент ауылында Ерғазы Ақпанов пен Жаңатас қаласында Қуат Жарас ұстаздық қызмет жасап жатыр. Аталған ұстаздардың жұмыс нәтижесі осы бір сайыста көрінді.

     Құран жарысынан соң ауыл қариялары мен қатысушыларға және арнайы келген қонақтарға наурыз мерекесіне орай дайындалған наурыз көже ұсынылылды. Бұл да болса дініміз бен дәстүріміздің сабақтастығын көрсетсе керек.

     Соңынан жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар және барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: