Ұлыс оң болсын!

Ұлыс оң болсын!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көптен күткен Наурыз мерекесі де келіп жетті. Наурыз айы келісімен жерге көк шөп шығып, мал төлдеп халықтың барлығы бір-бірімен көрісіп арқа-жарқа болып жатады. Ақ мол болсын жылымыз ырысты, берекелді болсын деп ақ жаулықты аналарымыз қазан көтеріп, бидай, жүгерілерін келіге түйіп, наурыз көже пісіруге кіріседі.

Наурыз мерекесі шариғи мереке болмағанымен қазақ халқының ұлттық мерекесі. Айтулы мереке Тараз қалалық «Әулие-ата» мешітінде де аталып өтті. «Әулие-ата» мешітінің бас имамы Аят Дыбысұлы Алмаханов және арнайы қонаққа келген «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы, ҚМДБ-ның Жамбыл облысының өкілі Данияр қажы Жұмабаев жиналған көпшілікке ынтымақ-бірлік, адал сауда-саттық туралы уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ, көпшілікті Наурыз мерекесімен құттықтады. Жиналған көпшілік наурыз көжеден дәм татып, ризашылықтарын білдірді.

Наурыз мерекесі «Бегалы-ата» мешітінде де кең көлемде аталып өтті. Наурыз мерекесіне келген жамағат наурыз көжеден ішіп, алғыстарын айтып тарқасты. Наурыз мерекесі алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

Тараз қалалық «Әулие-ата» мешіті

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: