Әз Наурыз еліме нұр жауғыз!

Әз Наурыз еліме нұр жауғыз!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Білекте күш, ойда жігер жинаған қазақ атты қайсар елдің ата дәстүріне сіңген ұлық мерекелердің бірі – Наурыз мейрамы. Көктем шуағымен мамырлап елімізге береке әкелген мезгіл айтулы ұлтты ұйыстырған Әз Наурыз мерекесімен тағы да бұқараның басын біріктірді.

Ел болып жиналып, бірлік пен ынтымақты арттырар ұлыс мереке бүгінде еліміздің түкбір-түкбірінде орын алуда. Бүгін «Кеңесхан қажы» мешітінде аталмыш мерекеге орай Ғазиз Ахметовтың бастамасымен «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен бірлесе отырып, «Әз Наурыз» мерекесі аталып өтілді. Халықты қаскөй қуанышқа бөлеген іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев қатысты. Сондай-ақ, бұл шарада қала имамдары мен ақ жаулықты әжелер, "Кеңесхан қажы" мешітін тұрғызушы демеушілер, қалың бұқара, БАҚ өкілдері болды. Данияр қажы бүкіл халықты бір отауға жинаған ұлыстың ұлы күнімен баршаға құттықтау айтты. 

Мешіт алдында киелі қазақ үй түрғызылып, жастарға арналған алтыбақан құрылды. Айтулы мерекеге орай, қайырымдылық науқаны жүргізіліп, 16 отбасыға сыйлықтар табысталды. Қоғамдық қордың дәстүрлі қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, балаларға арналған батут құрылды. Бүлдіршіндердің көңілін сайқымазақтар аулап, бірге қызықты ойындар ойнады.

 Шаңырақ астында ақ дастархан жайылып, бүкіл халық дәстүрлі наурыз көжеден дәм татты. Әжелер немерелерін ұстаздардай ілімді болсын деп дұға жасап, тұсау кесер өткізді.

Тіршілік түйіткілі күнкөріс күйбінімен өтіп жатқан жетіде баршаны дүр сілкіндіріп, дін мен дәстүрді сабақтастырған бұл іс-шара баршаның мерейін үстем еткен-ді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: