Ұлыстың ұлы күні Мойынқұм ауданында

Ұлыстың ұлы күні Мойынқұм ауданында

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

     Бүгін аудандық «Құлыншақ» балабақшасының бірлігі жарасып, жұдырықтай жұмыла ізгі істі атқарысты. Ата- бабаларымыз ежелден тойлаған Әз-Наурыз мерекесіне орай кең-мол дастархан жайылды. Жиналған көпшілік ұлыстың ұлы күні Наурыздың келуімен бір-бірін  шаттана құттықтап жатты. Қасиеті Құранның аяттары оқылып, ақсақалдар ақ батасын беріп игі іс басталып кетті.

Дастархан басына жиналған қауымға  Мойынқұм ауданының бас имамы Зият исаев дін мен дәстүрдің сабақтастығы жайлы әсерлі уағыз айтты. Мерекелік тағам Наурыз көже беріліп,  өнегелі сөздер бірінен кейін бірі айтылып, отырыс әсерлене түсті.

Халықтық мереке осылай  ары қарай жалғасын табады деген ниетпен жамағат тарқасты.

Мойынқұм аудандық мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: