Медресе ұстаздары спорттық ойындардың жеңімпазы атанды.

Медресе ұстаздары спорттық ойындардың жеңімпазы атанды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қақаған қыстан кейін келетін жайма шуақ көктем мезгілі дәстүрлі наурыз мерекесімен елімізге енеді. Достық пен бірліктің туын желбіреткен «Әз Наурыз» мерекесінің құрметіне арналған командалық спорт турнирі өтті. Аталмыш спорттық сайысқа 9 ойын командасы қатысты. Атап айтар болсақ, «Облыстық дін істері басқармасы», «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстаздар құрамасы,  «Һибатулла Тарази» медресесінің 1 курс шәкірттері, «Һибатулла Тарази» медресесінің 3 курс шәкірттері, Жамбыл ауданының имамдар құрамасы, Байзақ ауданының имамдар құрамасы, «Тараз жайдарман» құрамасы, «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының құрамасы, Тараз қалалық имамдар құрамасы қатысты.

«Шынықсаң шымыр боласың» демекші, айтулы дүбірлі додада бірінші орынды «Медресе ұстаздары» құрамасы жеңеп алса, екінші орынды «Жүректен жүрекке» қоғамдық қоры қанжығасына байлады. Ал, үшінші орынды «Тараз жайдарман» құрамасы иеленді.

Мыңнан жүйрік озып шыққан палуандарды ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаев алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен  марапаттады.  «Тараз-Арена» кешенінде өткізілген іс-шара гір тасын көтеру, арқан тартыс сондай-ақ, кіші футбол бойынша өтті. Білекті мыңды жығар спорттық ойын Тараз шаһары жамағатының бірлік пен ынтымақтастығын өртеле түскен-ді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

Медресе ұстаздары

1 орын "Һибатулла Тарази" медресе ұстаздары құрамасы

2 орын "Жүректен жүрекке" қоғамдық қоры

3 орын "Тараз жайдарман" құрамасы

4 орын "Қала имамдары" құрамасы

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: