Жамбыл облысы «Һибатулла-Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабевтың ұйытқы болуымен, Тараз қалалық «Әулие-ата» мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлының ұйымдастыруымен демеушілер есебінен "Арафат" дәмханасында отыз шақты көпбалалы аналарға ас беріліп, күнделікті тұтынатын азық-түлік атап айтсақ, ұн, күріш, сұйық май, макарон, т.б. таратылды.
Келген көпбалалы аналарымыздың қуанышында шек болмады. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы келген көпшілікке ата-ананы құрметтеу, мұқтаж жандарға қамқорлық жасау туралы жақсы жылы сөздерін айтты. Келген жамағат ризашылығын білдіріп жатты. Осындай ізгі іс-шаралар алда да жалғасын таба бермек.
«Әулие-ата» мешіті