Көмекке мұқтаж жанұя.

Көмекке мұқтаж жанұя.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өмір тауқыметінде жүрген Абдықали Баубеков 3 баланың әкесі еш жерде жұмыс істемейді. Күнделікті тапқан напақасы тәтті шайдан арылмай, мектеп жасындағы балалары қиын жағдайда оқуларын жалғастыруда. Қыс айларынан аман-есен шыққандарына шүкіршілік айтып, бірақ үнемдеп жаққан табиғи газдың төлемі 42000 теңгеге жеткен. Амалдың жоғынан аудандық мешітке келген Абдықалидың жүзінде мұң барын байқалды. Қолында газға төлем түбіртегі 3 күн ішінде қарызды төлемесе газ беру тоқтатылады деген ескерту.

Бас имам Батырбек қажы тілдесіп: «Алла тағала пенделерін түрлі жағдаймен сынайды. Жаратушы иеміз аса қамқор, ерекше мейірімді қандай жағдай болмасын адам баласы сабырлы болу керек. Алла тағалаға шүкіршілік етсеңіз жағдайыңыз әлі жақсы болады. Мешіт тарапынан сіздердің жанұяларыңызға қайырымдылық көмек көрсетіліп тұрады,» – деді.

Әлбетте, түбіртектегі 42000 теңге қарыз төленіп, Абдықали бауырымыздың жанұясына табыс етілді.

Аудандық «Меркі-ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: