Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаевтың бастамасымен Тараз қалалық «Әулие-ата» мешітінің бас имамы Аят Дыбысұлының атсалысуымен қайырымдылық іс-шарасы өткізілді.
Тараз қаласында орналасқан «Арафат» дәмханасында демеушілір есебінен арнайы тамақ берілді. Бұл жерге жалғыз басты, көп балалы, қамқорлыққа мұқтаж аналар мен отбасылар қатысты. Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Жапек жиналаған көпшілікке сабырлық, қанағатшылдық туралы уағыз-насихат жасады. Шараға келген көпшілік берілген асқа, естіген уағыз-насихаттарына ризашылықтарын білдірді. Мұндай іс-шаралар әлі де жалғасын таба бермек.
«Әулие-ата» мешіті