Қордай имамдары аттестациядан өтті

Қордай имамдары аттестациядан өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Еліміздің діни білім беру жүйесін бір ізділікке түсіру мақсатында ҚМДБ 2020 жылға дейінгі діни білім беруді дамыту тұжырымдамасы да  бекітіліп, діни білім беру саласында үлкен серпіліс бергені анық. АлҚазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту тұжырымдамасы да мұсылман қауымының, оның ішінде дін қызметкерлерінің  болашаққа айқын қарауға  жәнеелдегі діни ахуалдың дамуының осы кезеңдегі өзекті мәселелерінің шешіліуінің бірден бір тетігі болып танылады.

Аталмыш құжаттардың имам-молдалардың жетік меңгеруі ҚМДБ және заман талабы. Дін қызметкерлерінің осы маңызды құжаттарды толық меңгеруі  дін саласындағы қызметтеріне үлкен серпіліс беріп, оң нәтиже беретіні сөзсіз. Міне осындай маңызды құжаттар бойынша және жалпы  имам-молдалардың білімін анықтау мақсатында Қордай ауданы дін қызметкерлері кезекті аттестациядан өтті. Сараптамадан өткізуге  ауданымызға арнайы түрде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Әлимұхамедұлы Жұмабаев, облыстық мешітіміздің найб имамы Ғалымбек Төлегенұлы Жапек және мешіт құжаттарын заңдастыру жұмыстарын зерделеуге облыстық мешіт іс басқарушысы Халид Сейіткерімұлы Қожахметов келді.

Сараптама  билет бойынша жүргізіліп, ауданымыздың имам, молда, найб имам, ұстаз және азаншылары  билеттердегі сұрақтарға сараптама комиссиясы алдында жауап берді. Жауапты жұмыс біраз уақытқа созылып, қорытындысы шығарылды. Имам-молдаларға қойылатын талап жыл сайын биіктеуде. Имамдарымыз бен барша діни қызметкерлеріміз жан-жақты білімді, болуы шарт міне осы сараптама да дін қызметкерлерінің білім деңгейін көтеруге оң әсерін тигізді деген ойдамыз.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: