Жамбыл облысы Тараз қаласындағы ҚАЖ (КУИС) департаментінде түзету мекемелеріндегі психолгтармен, жан-жақты психотерапев мамандарымен пікір алмасу жиыны өтті.
Кездесуге Тараз қаласы «Құлбай баба» мешітінің имамы ЖАНТ мүшесі Талғат Асанұлы да қатысып, өз тәжірбиесінде ІІД қызметкерлері мен сотталған азаматтар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау дертінің қалай алдын алу мәселесін талқылады. Және ҚАЖ қызметкерлері имамның тәжірбиесін облыстағы барлық түзету мекемелеріне қолдану тәсілін жөн көрді. Бұл алғаш рет жасалып, отырған пікір алмасу жиыны болған-ды.
«Құлбай баба» мешіті