Аула клубта аталмыш тақытыпта дөңгелек үстел өтті. Жиынға Кәмілеттік жасқа толмағандар жөніндегі аға инспектор полиция майоры Талғат Кодеков, Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы Зият Исаев, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Мектептің оқу-ісі тәрбие жөніндегі орынбасары Айткүл Омарова келген қонақтарды ұстаздар мен оқушыларға таныстырып, «Суицид қайдан шығады?» атты тақырыптың басын ашты. Мектеп мұғалімдері тренинг өткізіп, пікірталас, баяндама оқыды.
Аудан имамы: «Аятта келгендей: «Жан адам баласына берілген Алла Тағаланың аманаты». Сондықтан біз өлімді емес, өмірді ойлауымыз керек. Болашағымыздың жарқын, еліміздің берекелі болуы үшін баршамыз ат салысып, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттайық. Сондықтан жастарымыздың Алла Тағалаға деген сеніміндерін, жүрегіндегі имандылықтарын арттыруымыз керек, сонда біз ондай жаман әрекеттерге бармаймыз,» – деп сөзін қорытындылады.
Оқушылар келген қонақтарға өздерінің сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Б. Айтжанов
Мойынқұм аудандық мешіті