Татулық темірқазығы

Татулық темірқазығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен ынтымақ, сыйластық үстемдік қылған жерлерде қашанда нәтижелі істер көрініс табады. Қазақстан 130-дан астам ұлт өкілдері бар көпұлтты мемлекет. Ұлтарақтай жерге осыншама халықты сыйдырып, барымен бөлісіп, бауыр бола білген елдің бүгінде басқа елдермен терезесі тең, шаңырағы биік.

Осыған байланысты, Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысқан кездесу өтті. Жиынға Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров, «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Жапек, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Лариса Анатольевна, Шымкент және Тараз Епархиясы Успение Божией Матери соборы приходының протойереиі Юрий Власенко, «Гуонлен» жастар орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы профессор Рашид Бакиров,  Поляк этномәдени бірлестігінің төрайымы Лариса Калькова, «Қытай мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі Галина Воробьева, М.Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени орталығының жетекшісі Мухабат Турдыева, «Тараз христиандар миссиясы «Мир» жергілікті діни бірлестігінің миссионері Ли Ын Джун қатысты.

 Бас қосуда қазақ елінде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері осыншама жылдар бойы өз бауырындай бауырына басқан қазақ халқына алғыс айтты. Сонау ескілік кезеңдерде бір қазаннан тамақ бөліп берген қонақжайлықты еске алысып,  ізгі ниеттері мен рахметін білдірді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: