Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2016 жылы халықаралық және республикалық деңгейде өткізілетін іс-шаралардың бірі имамдар арасында аттестация өткізу.
Аттестацияның негізгі мақсаты имамдардың білімділігі мен біліктілігін арттыру, форумда қабылданған құжаттарды қаншалықты басшылыққа алып өз жұмыстарын атқарып жатқандарын тексеру. Осыған орай6 аудандық Төле би мешітінде ауыл молдалары арасында аттестацияға дайындалу жұмысы өткізілді.
Шу ауданының бас имамы Қуандық Мусаев жиын барысында ауыл молдаларына аттестацияда құжаттарының толық болуын және киім үлгісін сақтап келуін тапсырды.
Шу аудандық Төлеби мешітінің баспасөз қызметі