Найб имам Степноеда мемлекеттік қызметкерлерімен жүдесті

Найб имам Степноеда мемлекеттік қызметкерлерімен жүдесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Степное ауыл аймағында іс-сапарда жүрген найб имам Д.Жандосұлының келесі тоқталған жері ауылдық әкімшілік болды. Ауыл әкімшілігінде найб имам мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өткізді.

Кездесуде Дәуренбек Жандосұлы  исламнан тәлім-тәрбиелік маңызы зор, ұлтымыздың салт-санасымен ұштасқан тағылымды тамаша әңгімелер айтты. Дініміздің кәусар бұлақтай таза құндылықтарын тілге тиек еткен  наиб имам, жастар тәрбиесіне де ерекше тоқталды. «Қазір жеткіншектерде  білімге құмарту, үйренуге талпыну деген ынтасы жақсы. Балалар өз білмегенін ересектерден, ата-аналардан сұрайды. Өкінішке орай, кейде осындай діни сұрақтарға  ата-аналар жауап бере алмай қалады. Сондықтан да,  олар сол сұрақтардың жауабын басқа жақтан іздейді. Осылайша, жат ағымдарға ұрыну, секталарға өту осыдан басталады. Мұндай қатерлерден өскелең ұрпақты  сақтандыру үшін ата-аналар және ересек адамдар өз діни білімдерін көтеру керек. Сондықтан жеке діни сауаттылықты арттырудың маңызы зор» деп, атап өтті Д.Жандосұлы. Діни сауаттылықты арттырудағы пайдасы мол, және Отанымыздың әрбір мұсылманына маңызды болар құжат Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы таныстырылып, еңбектің маңыздылығы жайында да келелі сөз өрбіді.

Жиынға қатысушылар дін қызметкерінің  тағылымды насихатын ұйып тыңдады. Арасында өздері байыбына бара алмай жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауабын алды.

Аудандық «Қордай» мешітінің бапасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: