Мойынқұм аудандық мешітінде ауданға қызмет ететін имам-молдалардың кезекті жиналысы өтті. Жиынның негізгі тақырыбы – аудандағы дін қызметкерлерінің имамдар форумында қабылданған 4 құжаты, ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту тұжырымдасы, ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі діни білім беруді дамыту тұжырымдамасы бойынша өтетін кезекті аттестацияға дайындалу болды.
Аудан имамы ауыл имам-молдаларының 4 бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстарын пысықтады жәнеде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтына 2016 жылдың наурыз айының 25-ші жұлдызынан бастап оқушы-имамдарға екі айлық оқу басталатынын хабарлады.
Мойынқұм аудандық мешіті