Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне көңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау. Осы мәселе бойынша, ауылдық елді мекендерді аралап жүрген аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы Д.Жандосұлы Степное ауыл аймағына қарасты №24 жоғарғы сынып оқушыларымен «Жастар тәрбиесі» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесуде қозғалған тақырыптар асыл дініміздің құндылықтары турасында болып, таза дінімізге түрлі «измдердің» тіркеліуіне тікелей әсер етіп жатқан жат ағымдар болмысы жайлы да кең ақпарат берілді. Әңгіме барысында найб имам Д.Жандосұлы қазіргі қоғамда болып жатқан мұсылман баласына жат істерді алдын алу үшін сана-сезімі толыққан жастарды дін мен дәстүрімізге тереңірек бойлату керектігін назарға салды. Жастарға кездесу барысында Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы таныстырылды. Оқушылар тарапынан имамға әртүрлі мәселедегі сұрақтар қойылып, жауап берілді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі