Имам дәрігерлермен сұхпаттасты

Имам дәрігерлермен сұхпаттасты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асыл дініміздің құндылықтарын насихаттау, дінімізбен дәстүрімізідің бұлағы осы шариғат екенінін жете түсіндіру, дін жайлы дұрыс пікірді қалыптастыру дін қызметкерлерінің басты міндеті. Оған қоса, соңғы жылдары елімізде жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай түрлі секталар мен діни ұйымдардың қаптап кеткені жасырын емес. Асыл жол іздеген албырт жастарды адастырып жатқан ағымдар да аз емес. Осы орайда ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының имамдарға жүктеген міндеттерінің бірі  уағыз-насихат жұмыстары және де осы теріс ағымдармен жұмыс болатын.

Бүгінде бұл бағыттағы жұмыс шараларының аясы кеңейіп, түрлі аудиторияларда мешіт имамдары теріс уағыз жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Бүгін аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Дәуренбек Жандосұлы «аудандық орталық аурухана» қызметкерлеріне ислам дінінің негізгі қағидалары  және деструктивті діни ағымдардың алдын алу тақырыптарында дәріс өткізіп қайтты.

Дәрігерлер, медбикелер және санитарлы қызметкерлер қатысқан түрлі сла медицина мамандары қызметкерлері қатысқан басқосуда дінтану магистрі, Дәуренбек Жандосұлы аталмыш тақырыптарды кеңінен тарқатып, түрлі сұрақтарға жауап қайтарды.Ақ халатты жандарға Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы таныстырылды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: