Ұлт болам десең, бесігіңді түзе!

Ұлт болам десең, бесігіңді түзе!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Қыз» - қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тәрбие көреді: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді.

Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді – тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы, әрине, әйел-ана. Халқымыздың ырысты ынтымағын, береке-бірлігін, туыстың татулығын іске асыратын да, ұйымдастыратын да әйел-ана. «Ағайын тату болса- ат көп, абысын тату болса-ас көп» – деген ұлағатты сөз осыдан туса керек.

Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда ертеңгі ұрпақтың тәрбиешісі болар қыз баланың тәрбиесі ақсап барады. Елімізде соңғы уақыттарда орын алған оқиғаларға байланысты «Һибатулла Тарази» мешітінің ұйытқы болуымен студент қыздармен тәрбиелік мәні зор кездесулер өткізілді.

Аталмыш жиындар АБТК (КИСТ)  колледжінде, Медколледжде, Тараз политехникалық, Жамбыл политехникалық колледжінде, Тараз техника және бизнес, Қазақ-түрік колледжінде, Болашақ және Тараз ғасыр колледждерінде өтті. Кездесуге «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Зейнеп Үсенова, ІІ дәрежелі психолог, магистр Лаззат Мырзашова бастаған мандар тобы атап айтсақ,  Кәмілетке толмаған істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссиясының хатшысы Бақыт Жақсылықова,  М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы, магистр Айгүл Абдрахманова, Облыс әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Жансая Жексенбаева, Облыс әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының инспекторы Таңшолпан Нұрханова,  Облыс әкімдігінің білім басқармасы оқу әдістемелік кабинетінің әдіскері Айжамал Дәулетқұлова, ЖПК педагог-психологі Бөтагөз Көбенова, Жамбыл медколледжінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лаззат Қуанышбекова, №13 Теміржол колледжінің психологі Айжан Сүлейменова, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы, магистр Асел Дәуренбекова,  М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы, магистр Аида Райқұлова, қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің бас редакторы, қалалық мәслихат депутаты Эльмира Мырзағали қатысты.

Қыздармен ұлтық тәрбие, ар мен ұят турасында сұхбат жүргізіліп, сауалдарға мардымды жауаптар берілді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: