Белсенді жастар – ел тірегі

Белсенді жастар – ел тірегі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәрбие – адам баласының ең озық тұсы. Тәрбиенің ислам әлеміндегі рөлі айрықша. Ал, тәрбиенің бастауы – жастық шақ. Ұлттық танымның атасы Ахмет Байтұрсынов: «Баланы үйіңде ұлша тәрбиелесең – ұл болады, құлша тәрбиелесең – құл болады» депті. Осы тәрбиенің ақсап тұрған қазіргі кезеңінде иманды жастардың көбейіп, ислами құндылықтарды бойына сіңірулері – халқы үшін қасық қаны қалғанша аянбай еңбек етіп, көк байрағымызға жасын сүрткен ата-бабаларымыздың үмітін жаққан шырақ іспеттес.

Алдында хабарлағанымыздай тек жастардан құрылған еріктілер тобы «Жүректен жүрекке» қайырымдылық қорының жұмыстары бүгінде ілгері басып келеді. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің қолдауымен жастар қасиетті жұма сайын мешіт алдында қайырымдылық жәрмеңкесін өткізуде. «Һибатулла Тарази» мешітінен бастау алған аталмыш шара етегін кең жайып, осы қатарға Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ашылған, «Кеңесхан қажы» мешітінде де қосылды. Жәрмеңкеден түскен қаражат қоғамымыздағы әлуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға көмек үшін жұмсалады.

Сонымен қатар кеше  «Сәлем» ойын-сауық кешенінде қордың құрған 1 айлық жоспары негізінде «Мейірімді он қадам» жобасы бойынша «Бірге ойнайық, балақай» науқаны өтті. Жоба аясында мұқтаж отбасылардың балаларымен қор мүшелері түрлі бейне, электронды, автоматты ойындар ойнап, тәттілер мен сусындар алып берді. Бұл жас қордың ниеті бір, мақсаты бір. Қоғамда мейірімділік жасай отырып, қайырымды жандардың санын арттыру және қолдан келгенше жәрдем жасау.

Мұндай бастаманы жастардың қолға алғаны үлкендер үшін қуаныш. Әлбетте, жас тілек білдірген әрбір алып мақсаттың тіреушісі үлкендер. Ал, тіреуі бар бұтақтың түзу өсері ақиқат...

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: