Шу ауданы Ақтөбе ауылында Жылғабек ауылдық мешітінің молдасы Әбусейіт Қоспановтың қатысуымен мектепте оқушылар арасында дөнгелек үстел ұйымдастырылды.
Кездесу барысында ауыл молдасы Әбусейіт ислам дінін насихаттап, салт-дәстүр және әдет-ғұрып жайлы әсерлі уағыз-насихаттар айтты. Айтылған уағыз-насихаттар жасөспірімдердің мерейін өсіріп, дінге деген көзқарас, құштарлықтарын арта түсірді. Оқушылар көкейіндегі сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Шу аудандық Төлеби мешітінің баспасөз қызметі






23 Қаңтар 2026
4 Шаабан 1447

