Қайырымдылық – ізгілік бастауы

Қайырымдылық – ізгілік бастауы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылық - көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Асыл дінімізде қайырымдылықтың орны ерекше екені баршамызға мәлім. Бұл тақырыпта Құран аяттарымен, Алла елшісінің сан қилы хадистерінен келтірсе, қалам мен қағаз жетпесі анық. Қайырымдылықты кең көлемде істей білген дана халқымыз:

Өзін ғана ойлаған,

Жамандықтың белгісі.

Өзгені де ойлаған,

Адамдықтың белгісі –деп адамның оның ішіндегі мұсылманның асыл қасиетінің бірі жақынға қол ұшын беру  екенін кең түсіндірген.

Қайырлы іс – қайырымдылық  аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен А.Яссауи қорының демеушілігімен кең көлемде жүзеге асты. Аудан бойынша асыраушысынан айырылған 20 отбасындағы мектеп жасындағы  бүлдіршіндерге сырт киім және жылы аяқ киімдер үлестірілді.  Қыстың өз хақысын әлде болса атқарып тұрған күнде бүлдіршіндерге жылы киім мен аяқ киім  үлкен қуаныш сыйласа керек. Алғысы шексіз шаттанған отбасылар алғсысын айтып тарқасты. Аталмыш қайырымдылыққа жалпы соммасы 380 000 теңге қаражат жұмсалынды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: