Ілімді жамағат – сауатты қоғам.

Ілімді жамағат – сауатты қоғам.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Құран сүрелерінің ішінен алғаш болып Мекке шаһарында «Алақ» сүресі түсті. Бұл сүре 19 аяттан тұрады. Бұлардың ішінде бастаушы аят бар. Осы бірінші аяттың алғашқы сөзі: «Оқы!» – деп басталады. Яғни, Алланың адам баласына түсірген бірінші сөзі – «Оқы!». Адам оқып, көзі ашылады. Айналасын танып, оларға құрмет көрсетеді.  Ия, бұл сөз бұйрық райында келген. Сөйтіп, адам үшін білім алудың парыз екенін білдіріп тұр. Сондықтан да халық – білімсіз адамды қараңғы, надан адаммен теңейді.

  Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Тарих толқынында» егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн екені туралы ойын ашық айтты. Мұндағы халық руханияты бастауларының бірі – қазақтың тарихи және мәдени қалыптасқан діні – Ислам.

   Ата дініміздің құндылықтарын дәріптеп, төл ханафи мазһабымыздың жанашырлары болған жамағатты сауаттандыру мақсатында алдында хабарлағанымыздай, «Һибатулла Тарази» мешіті 1 айлық сауат ашу курсын ұйымдастырған болатын. Аталмыш оқу курсы аяқталып, бүгін 31 шәкіртке 1 айлық оқу курсын тәмәмдағаны туралы сертификат табысталды. Сауаттандыру айлығына қатысқандардың ішінде: жастар, жасы үлкен ағалар мен қариялар да бар. Жамбыл облысының барлық аудандарынан келген білім ізденушілер «Һибатулла Тарази» медресесінде қоныстанып, Құран, ақида, фиқһ, сира сынды пәндерден дәріс алды.

Бір айлық курсты аяқтағандарға имамдар мен ұстаздар дұға тіліп, ілім атты аманатты жүктеді. Осы уақытта бір отбасыға айналған жамағат үлкен алғыстарын білдіріп, осындай курстардың жиі ұйымдастырылуына ниет білдірді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: