Қасық ауылының оқушылары имаммен сұхбаттасты

Қасық ауылының оқушылары имаммен сұхбаттасты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасық ауылындағы іссапарын жалғастырған  Д.Жандосұлы мемлекеттік қызметкерлерден кейін мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу №23 орта мектеп қабырғасында өтіп, оған жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Жиында «дін және жастар», «тәрбие тал бесіктен басталады» сынды маңызды тақырыптар қозғалды. Найб имам Д.Жандосұлы оқушыларға діннің адам өміріндегі маңыздылығына тоқталып, қоғам мен тұлғаның дінмен байланысын  ашып көрсетті. Ата-бабаларымыздың ислам дінін еркін қабылдау себептерін тарихи дәлелдермен келтіріп, дініміздің құндылықтарын паш етті. Діни негіздегі тәрбиеге тоқталып, дін құндылықтарымен сусындап өскен халқымыздың дара тұлғалары жайлы мысал келтірді. Өскелең ұрпақтың тәрбиесіне тоқтала келе өзіне-өзі қол жұмсау жайлы, зинақорлық жайлы кең көлемді уағыз айтылды.

Оқушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, баршасына нақты дәлелдермен түсінік берілді. Д.Жандосұлы мектеп оқушыларына ҚМДБ тарапынан қабылданға Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы жайлы  кең көлемді түсініктеме беріп өтті.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: