Қасық тұрғындарымен кездесу

Қасық тұрғындарымен кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен дін тақырыбындағы  кездесулер өткен жылы жақсы жолға қойылып, бірнеше мемлекеттік мекеме ұжымдарымен кездесулер өткізілгендігі туралы оқырман хабардар. Былтырғы жылғы жақсы үрдіс, биыл да өз жалғасын тауып,  жүйелі түрде жүзеге асуда.

Аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы, дінтану магистрі Д.Жандосұлы Қасық ауыл округі әкімдігінің қызметкерлерімен, ауыл экологтарымен кездесу өткізді. Аталмыш жиында ата дініміздің құндылықтары жайлы мәнді де маңызды сұхбат өрбіді. Ата дінімізді бұрмалап көрсетіп отырған, дінді бейне бір құбыжық етіп көрсетуге  ықпал етіп  жүрген  теріс ағымдардың іс-әрекеттері де кездесу барысында әшкерелінді. Жиналған қауымға Д.Жандосұлы имамдар форумында қабылданған Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасымен таныстырып, құжаттың маңыздылығы мен тарихи орнына тоқталып өтті. Жиынға қатысушылар тарапынан дін қызметкерлеріне сұрақтар қойылып, баршасына жауап қайтарылды.

 Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: