Аудан бойынша қызмет ететін имам-молдалардың кезекті басқосуы өтті. Жиынның негізгі тақырыбы – аудандағы дін қызметкерлерінің имамдар форумында қабылданған 4 құжаты, ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту тұжырымдасы, ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі діни білім беруді дамыту тұжырымдамасы бойынша өтетін кезекті аттестацияға дайындалу болды.
Жиналыста төрағалық еткен ауданның бас имамы Ж.Шалбаев аталмыш құжаттардың маңыздылығына, оның тарихи орнына ерекше тоқталып, дін қызметкерлеріне алдымыздағы айда кезекті аттестация жоспарланғанын жеткізді. Аттестация бойынша маңызды мәселелер пысықталды. Имамдардың киім үлгісінің тиісті деңгейде болуын Ж.Шалбаев ерекше аптап өтті. Әрбір дін қызметкеріне кітаптар қосымша таратылды.
Келесі болып көтерілген өзекті мәселе мешіттердің мемлекеттік кіріс басқармасы алдында салықтық қарыздарын болмауын қадағалау, түрлі есептерді уақытылы және тиянақты тапсыру болды. Аталмыш тапсырмалар имамдарға жүктеліп, аттестацияға дайындыққа кірісіп кетті.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі