Халқымыз қашан да қайырымдылықтан кенде болмаған, жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған. Бұл қасиет оның болмысының ажырағысыз құрамдас бөлігі болса керек. Осы ата-бабалардың игі дәстүрін ұрпақтары жалғастырып келеді.
Хазреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Жомарттық – жаннаттағы ағаштардан бір ағаш, бұтақтары осы дүниеге қарай салбырап тұрады. Кім оның бір бұтағын ұстаса, ол бұтақ оны жаннатқа апарады," – деген екен.
Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өсиет еткендендей қайырымдылық жасауда еліміз кенже қалып жатқан жоқ. Соның тағы бір айғағы, Шу қалалық «Айтқұл баба» мешітінің имамы Шаттық Қамаубаевтың мұрындық болуымен мүмкіндігі шектеулі 3 отбасыға көмек көрсетілді.
Имам аталмыш отбасылардың хал-ахуалымен танысып, азық-түлік үлестіріліп берді. Жанұялар алғысын айтып, әжелеріміз ақ батасын берді.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.