Мүгедек жандарға мейрімділік танытайық

Мүгедек жандарға мейрімділік танытайық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

    Қайырымдылық – ислам дінінің бөлінбес бөлшегі. Асыл Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кім мейірімділік жасамаса, оған мейірімділік етілмейді» -  деген қанатты сөзі, әрбір мұсылманды қоғам істеріне бей-жай қарамай, қайырымдылық жасауға жетелейді. Осы өсиетке ірге болған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әр ай сайын қайырымдылық істерге бағыт бағдар беріп, өзі үлгі бола отыра ізгі істерге белсене араласып, мұрындық болып отыр.

ҚМДБ-ның тапсырмасы негізінде ақпан айының қайырымдылығына «Мүгедек жандарға мейрімділік танытайық» деген атау берілді. Мүмкіндігі шектеулі, кемтар, мүгедек жандарға зиярат ету, олармен рухани іс-шаралар атқару, қайырымдылық жұмыстарын жүргізу осы қайырымдылық науқанының мақсатына айналды.

Осы тапсырма негізінде Жамбыл облысы Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы бойынша кемтар, мүгедек, онкологиялық науқастарға арнайы зиярат жасалып, рухани сұхбаттар өткізілді. Демеушілердің көмегімен мүгедек кісіні бағып отырған 10 отбасыға 10 қап ұн, май, макарон, т.б. бірінші қажеттілік болатын азық-түлік үлестірілді. Қайырымдылық жұмыстары әлі де жалғасын таппақ.

Жамбыл облысы

Жуалы ауданы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: