Бетқайнар жамағатымен кездесу өтті

Бетқайнар жамағатымен кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауылдық  жерлердегі  жамағатпен жүздесу, жамағаттың діни сауатын ашу  бүгінгі күнгі өзекті тақырып екені баршамызға мәлім. Жамағатымызға Ханафи мәзһабы мен Матуриді ақидасының құндылықтарын жете түсіндіріп, оларды жат ағымдардың  ықпалын сақтау да маңызды  мәселе. Міне, осы  жайттарды ескере отырып, аудандық «Қордай» мешітінің дін қызметкерлері ауыл аймақтарда болып, елді мекен жамағаттарымен кездесулер өткізуде.

 Осындай кездесудің бірі  «Бетқайнар» ауылдық мешітінде өтті. Жиынға найб имам Д.Жандосұлы қатысып қайтты. Имани кездесу болатынынан құлақтар болған Қасық, Қақпатас ауылдарының жамағаты да Бетқайнар ауылында қонақ болды. Д.Жандосұлы жиналған жамағатқа иман мен амал және зинақорлықтың зардабы жайлы жүйелі уағыз айтты.

Уағыз барысында  мешіт жамағаты найб имамға сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.  Қазақи қонақжайлылық дәстүрі бойынша  дастархан жайылып, дін насихаты дастархан басында да жалғасын тапты. Дін қызметкерлерінің ұйымдастырып отырған осындай іс-шаралары ауыл тұрғындарының көңілінен шығып, келесі  кездесу мекені де белгіленді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: